Байестік желілер бойынша бағдарламалық өнім нарығының заманауй күйін талдау

Шаяхметова А.С., Сатымбеков М.

 

Түйіндеме. Бұл мақалада байестік желі бойынша кең таралған заманауи программалық өнімдерге аналитикалық шолу жасалды. Байестік желілердің даму тарихы келтірілген. Зерттеудің түрлі салаларында байестік тәсілдердің қолданылуының өзектілігі қарастырылған. Байестік желілер бойынша ең кең таралған программалық өнімдер келтірілген. Олардың сипаттамаларына салыстырмалы талдау жүргізіліп, оларды құру құралдары  қарастырылған. Әртүрлі сараптау жүйелері мен жасанды интеллект жүйелерін құруда, қаржы саласындағы тәуекелдерді зерттеуде байестік желі қосымшаларының ерекшелігі анықталды. Заманауи интеллектуалды технологияларды құруда байестік тәсілдердің (себеп-салдар байланысы, белгісіздік, толық емес және анық емес ақпаратпен жұмыс істеу мүмкіндігі, кездейсоқ факторларды ескеру) ерекшеліктері көрсетілді. Байестік желілерді қолданудың ерекшеліктері мен күрделі қосымшаларды құрудағы болашағына талдау жүргізілді. Түйінді сөздер: байестік желілер, аналитикалық талдау, программалық өнім.

 

МРНТИ 28.19.15, №2(2018г.)

Комментарии закрыты.