Биокөмірдің жаздық бидай өнімділігіне әсері

№3-2023

https://doi.org/10.53939/15605655/2023_3_34


Тоқтар М., Ахметов М.Б., Мұқанова Ф.Қ.

Түйіндеме: Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің төмендеуіне соңғы 2 жылдағы көктемгі климаттың қуаңшылық әсері зор.Егер ауыл шаруашылығында жер көп жылдар бойы дұрыс пайдаланылмаса, топырақтың құрылымдық, су және физикалық қасиеттерінашарлайды.Жер ресурстарының сапалық және сандық құрамының өзгеруі, кейбір жағдайларда топырақ жамылғысының нашарлауы мен бұзылуына алып келеді. Нәтижесінде топырақтың құрғақ климатқа төзімділігімен ылғалды ұстау, сондай-ақ органикалық заттарды сақтау қасиеттері төмендейді. Өйткені эрозия топырақтың үстіңгі қабаты мен қарашірікті шайып кетеді.Егіншілік жүйесін дұрыс ұйымдастырмаудан, ауыл шаруашылығы жүйесінде монодақылдардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және ауыспалы егіс жүйесінің бұзылуынан, органикалық және биотыңайтқыштардың енгізілмеуінендеградациялық үрдістер
орын алады.
Түйін сөздер: Биокөмір, жаздық бидай, өнімділік, топырақ құнарлылығы.

Әдебиеттер

1 Байшанова А.Е., Кедельбаев Б.Ш. Проблемы деградации почв. анализ современного состояния плодородия орошаемых почв Республики Казахстан // Научное обозрение. Биологические науки. – 2016. – № 2. – С. 5-13.
2 Национальный доклад о состоянии окружающей среды и об использовании природных ресурсов Республики Казахстан за 2017 год. – Астана, 2017. – С. 373-381.
3 Данные Агентства земельных ресурсов. -Астана, 2015. – 16 с.
4 Маланин А.Н., Маланина А.А., Кулагин А.И. Изменение гумусового состояния пахотных почв Костанайской области // Труды междунар. Научно – практическая.конф. “Региональные проблемы научно-технического прогресса в агропромышленном комплексе” – Костанай: Сельскохозяйственный институт, 1999. – Ч. 2. – С. 163-169.

Комментарии закрыты.