Динамика изменения живой массы казахской белоголовой породы крупного рогатого скота и его молодняка (на казахском языке)

УДК636.2:675. 031.11   Выпуск 3, 2013 год МРНТИ 68.39.19

 Қ.Қ. Бозымов а.ш.ғ.д., проф., А.Ғ. Сәрсенова, А.А. Құрманәлиева

  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Бұл мақалада «Сәбит» шаруа қожалығының бонитировка қорытындысы бойынша қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малы мен төлдерінің өсу динамикасының деректері келтірілген. 
Түйінді сөздер: қазақтың ақбас тұқымы, генеологиялық құрылым, тірілей салмақ.

The article presents the live weight of cattle and young cattle of the Kazakh white-headed breed according to the evaluation in the «Sabit».
Key words: kazakh-white-headed breed. live weight, genealogical structure. 

Ірі қара етін өндіруді молайтып, оның сапасын жақсартуда етті ірі қара  шаруашылығының алатын орны ерекше. Бұл еліміздің ет қорын жедел түрде толықтыруға мүмкіндік беретін мал шаруашылығының айрықша саласы. Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие екендігін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Республикада аграрлық – өнеркәсіп кешенінде, соның ішінде мал шаруашылығында үлкен құрылымдық өзгерістер болып жатыр. Ет көлемін арттыру, әсіресе ірі қара шаруашылығы есебінен, мал шаруашылығының маңызды мәселерінің бірі болып келеді.

Қазақтың ақбас ірі қара малы етті тұқымға жатады. Қазақтың ақбас сиырының тұқымы жергілікті қазақы және қалмақ сиырларын герефорд тұқымдас бұқаларымен будандастыру әдісімен шығарылған. [1] Бүгінде облыс бойынша өсіретін  шаруашылықта   мыңнан астам ірі қарасы бар. Шаруалар малдың санын қайта көбейтіп қана қоймай, сапасына да көңіл бөлуде. Қазақстанда  негізінен 15 шаруашылық айналысады. Қалған тұқымдардың саны аз және оларды негізінен өндірістік будандастыруда пайдаланылады.

Мәселен, Ақжайық ауданындағы «Сәбит» шаруа қожалығында соңғы жылда  қолдағы малды герефордпен шағылыстыру жүріп келеді. «Сәбит» шаруа қожалығының сиырлары етті тұқымдарға сай келетін, жақсы дене бітімімен ерекшеленеді. Шаруашылықта қазақтың ақбас сиырының тұқымдық және өнімділік сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.    

«Сәбит» шаруа қожалығындағы аталық бұқалардың салмағы әсіресе ауыр келеді. Бұл шаруашылықта табынды толықтыруға өнімділігі бойынша сынақтан өткен тәуір бұқашықтар сұрыпталып алынады. Оның нәтижесінде олардың орташа салмағы барлық жас кезеңдерінде жоғары кластың талабына сай  сақа бұқалар 1058-1070 кг салмақ тартады, ал сиырлары үш жасында 495 кг, төрт жасында -529 кг салмақ тартады.

«Сәбит» шаруа қожалығындағы табынның генеологиялық құрамын «Чапаев» асыл тұқымды мал зауытынан әкелінген қазақтын ақбас тұқымының  Вьюн 712, Восток 7632, Байкал 442, Коппертон 150к атты аталық іздерінің ұрпақтары құрайды, сонымен қатар герефорд тұқымының Норд, Куин, Тоуш (Канадада туған), Циркл спид (Францияда туған) атты ұрпақтары өсіріледі.

Соңғы жылдарда шаруашылық зауыттың кластық табынының құрамы жақсартылған болатын. Барлық өндірістік бұқашықтар элита рекорд класына сәйкес келеді. Элита-рекорд класына сәйкес ірі қара мал бас саны 2010 жылмен салыстырғанда 181 мал бас санына, 27,42℅-ға артқан болатын. Осыған сәйкес І кластың мал бас саны азайғандығы байқалады, жалпы табынның 29,24℅-ын аралас құрайды. 2011  жылы 82,4 % ірі қара мал бас саны элита және элита рекорд класына сәйкес келді. Бұл көрсеткіш обективті және етті бағыттағы малдардың әлеуеттілігін сипаттайды.

10-1

Сурет 1 – Қазақтың ақбас тұқымы сиыры -4520
3-495-элита-рекорд класы

2012 жылғы мәліметтерге сәйкес «Сәбит» шаруа қожалығындағы сиыр табынының негізгі дене бітім өлшемдері мен тірілей салмағы айтарлықтай қанағаттандырарлық көрсеткіште болды. (1 кесте)

Сиырлардың дене бітімінің экстерьері мен конституциясы 3 жастағы сиырларда шоқтығының биіктігі – 133,7 см, 5 жас одан жоғары  сиырларда – 122,5 см, құйымшақ биіктігі 3 жаста – 129,5 см, 5 және одан жоғары сиырларда – 122,2 см, кеуде тереңдігі  3 жастағы сиырларда – 69,5, ал 5 және одан жоғары сиырларда – 67,4 см, кеуде енділігі  3  жаста – 47,2 см, 5 жаста және одан жоғары жаста – 44,8 см, сербер аралық ені 3 жаста – 54,8, ал 5 және одан жоғары жастағы сиырларда – 53,2 см, тұрқының қиғаш ұзындығы 3 жастағы сиырларда  – 159,02 см,  5 және одан жоғары сиырларда – 156,3 см,  кеуде орамы 3 жастағы сиырларда 190,5, ал 5 және одан жоғары жастағы сиырларда – 186,9, жіліншік орамы 3 жастағы сиырларда – 19,1, 5 және одан жоғары жастағыларда – 18,6 см сәйкесінше көрсеткіштерге ие.

1 кесте «Сәбит» ШҚ әртүрлі жастағы сиырлардың дене өлшемдерінің негізгі көрсеткіштері бойынша тірілей салмағы

Көрсеткіш-
тер

Жасы, жыл

3

4

5 және
одан
жоғары

N

Сv

n

Сv

n

Cv

Тірілей салмағы, кг

37

511±6,12

11,2

42

540±6,49

11,9

179

495,4±13,45

11,4

Дене өлшемдері, см

-шоқтығының биіктігі

41

133,7±6,41

6,43

26

122,5±5,0

2,9

-құйымшақ биіктігі

41

129,5±6,71

3,63

26

122,2±1,06

4,4

-кеуде тереңдігі

41

69,5±6,44

9,6

26

67,4±5,15

26,7

-кеуде ені

41

47,2±6,0

7,6

26

44,8±4,9

8,7

-сербер аралық ені

41

54,8±6,73

11,06

26

53,2±5,0

4,7

-тұрқының қиғаш ұзындығы

41

159,02±6,5

4,9

26

156,3±5,1

4,9

-артының қиғаш ұзындығы

41

54,6±6,18

5,7

26

52,4±4,83

5,5

-кеуде орамы

41

190,5±6,38

5,21

26

186,9±5,0

5,1

-жіліншік орамы

41

19,1±5,0

0,52

26

18,6±5,0

2,2

Осы кестені қорытындылай келе  алынған нәтижелер 2012 жылғы бонитировка мәліметтеріне сәйкес жас сиырлар 3-4 жасында тірілей салмағы бойынша элита-рекорд класының талаптарынан 61,0 және 40,0 кг жоғары салмақта көрсетті, ал 5 және одан жоғары жастағы малдар  табынында сақа малдардың көп болуына байланысты стандарт талаптарынан  біршама төмен болды.

2 кесте «Сәбит» шаруа қожалығындағы жас төлдердің тірілей салмағы

Жыны
сы

Жасы,
ай бойынша

6

8

12

15

N

Х±Sх

Сv

N

Х±Sх

Сv

N

Х±Sх

Сv

N

Х±Sх

Сv

1

Бұқашы
қтар

119

191.9 ±11,5

191.9 ±11,5

119

225,3  ±11,7

1

4,7

119

337,6±

19,6

2

2,9

77

390,3

±8,9

9,51

2

Қаша
рлар

114

175,9± 10,7

3

4,3

114

206,8± 10,7

0

6,7

114

283.6±

10,5

2

7,0

96

320,6

±10,2

0

3,8

2 кестедегі мәліметтер көрсетеді: 
«Сәбит» шаруа қожалығындағы бұқашықтар мен  қашарларының салмағы тұқым стандарты талаптарынан жоғары, 6 және 15 айлығында элита класына сай келеді.

Бақылау сынағының кезегінде бұқашықтар тірілей салмағы бойынша басым болды. 6  айлығында – 191,9 кг,  8 айлығында  – 225,3 кг,  , 12 айлығында – 337,6 кг, 15 айлығында  – 390 кг салмақ көрсетті. 6-15 айлық бұқашықтар тірілей салмағының  және араларындағы айырманың  жоғары көрсеткіштерімен сипатталады. Төлдердің 6 айлығындағы орташа тірілей салмағы 175,9, 8 айлықтағы тірілей салмағы 206,8, 12 айлықтағы орташа тірілей салмағы 283,6, 15 айлықта  320,6 салмақ тартты. Төлдер жоғары, тірілей салмақтылығымен, жақсы өсіп жетілуімен  сипатталады.

10-2

Сурет – 2 Қазақтың ақбас тұқымының асыл тұқымды қашарлары

 Қазақтың ақбас тұқымының генофондын сақтап қалуда және генетикалық әртүрлігін кеңейтуде қазақ ақбас тұқымының әр түрлі генетикалық популяциясының аталық бұқаларының шәуеттері алынып криконсервациялау әдісі колданылды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Бозымов Қ.Қ., Қазақтың ақбас сиыры / Қ.Қ. Бозымов, Б.Т. Тулебаев.– Орал: Чапаев ірілендірілген баспаханасы, 1994. – 130с.
  2. Макаев, Ш.А. Казахский белоголовый скот и его совершенствование / Ш.А. Макаев, Ф.Г. Каюмов, Е.Г. Насамбаев.– М.: Вестник, РАСХН, 2005.- 336с.

 

Комментарии закрыты.