Өнеркәсіптік қатты қалдықтарды пайдаланудағы жапон елінің тәжірибесі

МРНТИ 87.53.13                                                                                 №4 (2020г.)

Садырмекова Н.Б. , Ерсеитова А.У., Есиркепова А.М.

 

Мақалада Жапонияда өнеркәсіптік қатты қалдықтарды пайдалану талданады. Тізімде көрсетілген, қалдықтарды пайдалануға жауапты Үкі-
меттік органдардың нормативті-құқықтық базасы оның негізгі мазмұны болып табылады. Сонымен қатар, мақалада қалдықтардың айналысы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары келтірілген: рециклинг, қаржылық көмек және салықтық жеңілдіктер, қалдық шығармайтын экоқалалар мен қайталама шикізат биржаларын құру. Жапонияның ресурс үнемдеуге бағытталған мемлекеттік саясаты өндірістік қалдықтардың айналысын ықшамдау жұмыстарына кәсіпорындарды кеңінен тартуға, сонымен қатар кәсіпкерлердің
өздерін қалдықтар шығарып, қоршаған ортаның ахуалына жағымсыз әсер ететінін түсінуіне негізделген.
Түйінді сөздер: қалдықтарды басқару, қалдықтарды кәдеге жарату, қайталама ресурстар, экоқалалар, қайталама шикізат биржасы, несиелер, салықтық жеңілдіктер.

Комментарии закрыты.