Ақсора (Suaeda salsa pall) тұқымының өнуіне тұзды стрестің әсері

МРНТИ 68.35.03, 87.12.09; 87.12.15                                                              №2 (2021 г.)

Рахымжан Ж., Текебаева Ж.Б., Бейсенова   Р.Р.

Ақсора (Suaeda salsa Pall) тұқымдарын тұз ертінділерінің (топырақ сығындысы, Na2SO4 және NaCl) әр түрлі концентрациясында – 0; 0,6; 1,2; 1,8; 2,8; 3,6 г/100 мл өңдеу. Тұзды стресс жағдайында өніп шыққан тұқымның тұзға реакциясын бақылау, оны өсірудің және пайдаланудың теориялық негізін қамтамасыз ету. Эксперимент нәтижелері көрсеткендей, Ақсора тұқымдарының өнуі тұзды топырақты жерлерге қатты бейімделген, жоғары тұз стресіне төтеп бере алады. Оның тұқымның өнуіне стрестің әсері NaCl> топырақ сығындысы >Na2
SO4 болғандығы байқалған. Тұз концентрациясының жоғарлауына байланысты тұқымның өнгіштік көрсеткіші, керісінше, ұқсамаған дәрежеде төмендегені байқалған. Ақсора тұқымдарының тұздардың әр түрлі концентрациясының стрестеріне әр түрлі жауап беретіндігі анықталған.
Түйінді сөздер: тұзды топырақ, галофитті өсімдіктер, өнгіштік көрсеткіші, тұз концентрациясы, Ақсора, топырақ сығындысы.

Комментарии закрыты.