Сүт безі қатерлі ісігін диагностикалауға арналған жасанды интеллект саласындағы әдістердің соңғы жетістіктері

МРНТИ 34.57.23, 34.17.53                                                       №1 (2021г.)

PDF

Машекова А., Жао Я., Нг Э.Й.К., Зарикас В., Мұхметов   О.

 

Сүт безі қатерлі ісігі ауруы әлемдегі барлық елдердегі жас әйелдер арасында жиі кездесетін аурулардың бірі болып табылады. Сүт безі қа-
терлі ісігін дұрыс және уақтылы диагностикалау өте маңызды, өйткені оны ерте анықтау одан әрі емдеуге үлкен көмек береді. Сүт безі қатерлі ісігін анықтаудың бірнеше әдісі бар. Бұл мақалада маммография және термография сияқты диагностикалық әдістер қарастырылады. Екі әдіс үшін де сүт безі қатерлі ісігін анықтауды жақсарту үшін компьютерлік анықтау жүйесін қолданатын көптеген зерттеу тәсілдері бар. Көптеген әзірлемелер машиналық оқыту әдістерінің, сандық модельдеу мен статистикалық әдістердің соңғы жетістіктеріне негізделген. Олар жасанды интеллект (ЖИ) өрісінің кең спектрін қамтиды. Мақалада сүт безі қатерлі ісігін диагностикалауға арналған жасанды интеллект саласындағы прогресстің ықтимал жолдары егжейтегжейлі қарастырылған.
Түйінді сөздер: сүт безі қатерлі ісігі, термография, жасанды интеллект, конволюциялық нейронды желі, байес желілері, машиналық оқыту.

 

 

Комментарии закрыты.