Гидролиз және май өнеркәсібі қалдықтарының негізінде тат модификаторының техниканың беріктігі мен жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етудегі рөлі

МРНТИ 55.22, 53.01.97, 81.33                                                                             №4 (2020г.)

Абзалова Д.А, Мырзалиев Д.С., Абшенов Х.А., Сейдуллаева О.Б., Ерғали Қ.Е., Бахрам Ж.С.

 

Мақалада техникалардың, жабдықтардың сенімділігі мен ұзақ уақытқа жарамдылығы және металл өнеркәсібі туралы мәселелер қарастырылған. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған объектілердің: өнеркәсіптік және өндірістік техниканың, құрылыс металл конструкцияларының, құбырлардың, технологиялық жабдықтардың және басқалардың қызмет ету мерзімін ұлғайтуға бағытталған әзірлемелердің маңызы зор. Мұндай бағыттардың бірі – Қазақстан өңірлерінің өнеркәсіптік қалдықтары негізінде тот модификаторын әзірлеу. Ассортиментті кеңейту бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті, практикалық міндет болып табылады. Лигнинді модификатор тотығу өнімдерін химиялық тұрақты су еритін қосылыстарға дейін металл бетіне берік байланысқан коррозия өнімдерін түрлендіру мақсатында бұйымдардың, техниканың және металл конструкцияларының бетін бояуға дайындау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Түйінді сөздер: агрессивті орта, қорғаныс қасиеттері, тот, тот модификаторы, жабынды.

Комментарии закрыты.