Пестицидтердің жылыжайдағы топырақ микроорганизмдеріне әсерін зерттеу

МРНТИ 68.29.15, 87.27.05                                                                              №4 (2020г.)

Изтлеуов Г.М., Дайрабаева А.Ж., Жаксыбек К.К., Абдуова А., Досбаева А.

 

Пестицидтердің топырақ микроорганизмдеріне әсерін зерттеуде әр түрлі тереңдікте (10, 20, 30 және 40 см) алынған жылыжайдан алынған топырақ сынамалары әртүрлі нәтиже көрсеткендігі белгілі болды. Топырақтың  беткі қабатында саңырауқұлақтар мен бактериялар жылдам көбейді. Жылыжайлардағы зерттеулер көрсеткендей, жылыжай аумағынан 10 см тереңдікте бөлініп алынған саңырауқұлақтың титрі 4х104, ал жылыжайдан 5 км қашықтықта өңделмеген топырақтағы саңырауқұлақтың титрі 7,6х104 мөлшерін құрады. Жылыжайдағы 40 см тереңдіктегі саңырауқұлақ спораларының титрі сәйкесінше 1,2х104 және 2,3х104 болды. Сондайақ, жылыжай аумағындағы топырақ сынамаларындағы бактериялардың титрі, жылыжай аумағынан 5 шақырым жерде алынған топырақ сынамаларына қарағанда төмен болғанын атап өттік. Сонымен, жылыжай аумағынан 10 см тереңдіктегі титр 5,2х107, жылыжай аумағынан 5 км қашықтықтағы үлгіде 8,6х107, 20 см тереңдікте 3,5х107 және 5,2х107, 30 см тереңдікте 2,3х107 және 5,3х107 болды. сәйкесінше 40 см тереңдікте 1,1х107 және 3,1х107 мөлшерінде анықталды. Жылыжайдан алынған топырақ сынамаларынан микроорганизмдердің өсуіндегі айырмашылық онша маңызды емес, бірақ ол бар екендігі көрсетілді.
Түйінді сөздер: топырақ, пестицидтер, жылыжай, микроағзалар, талдау, Оберон.

.

 

Комментарии закрыты.