Қайырмалы соқалар конструкцияларының заманауи даму үрдісі

МРНТИ 55.57.09, 68.85.37                                                                 №2 (2020г.)

Нуралин Б.Н., Олейников С.В., Галиев М.С.

 

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өндірушілері әмбебап-жырту тракторларын тиімді деп санайды, олар топырақты егуге дайындау барысында, егіс жұмыстары кезінде, шағын алаңдарда топырақты жыртудан кейінгі өңдеу кезінде, көлік машиналары және әртүрлі жылжымалы және стационарлық машиналар жетегі ретінде неғұрлым ұтымды пайдаланылады. Олар сериялық қайырмалы соқалармен салыстырғанда мынадай артықшылықтарға ие: ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде ары қарай операцияларды орындауға кедергі келтіретін және оларды теңестіру үшін қосымша шығындарды талап ететін «қираған» және «құлаған» жыралар мен сыналардың болмауы; алым ені мен жылдамдығын ұлғайтпай, бос жүрістерді неғұрлым қысқарту жолымен агрегаттың өнімділігін арттыру. 2.0 және 3.0 тартымдық класты әмбебап-жырту тракторларын тиімді пайдалану үшін топырақты негізгі өңдеу кезінде біз симметриялы ромб тәрізді қайырмасы
бар бұрылмалы соқасын әзірледік. Конструкцияның жаңалығы пайдалы модельге патентпен қорғалған.
Түйінді сөздер: Қуаттылығы жоғары тракторлары, айналмалы және бұрылмалы соқалар, тегіс жырту, тарақтық, тарту кедергісі

 

Комментарии закрыты.