Жабық топырақтағы өсімдіктердің пестицидтермен ластануын анықтау

МРНТИ 68.37.13, 87.27.05                                                           №2 (2020г.)

Изтлеуов Г.М., Дайрабаева А.Ж., Жаксыбек К.К., Жорабаева Н.К., Ашитова Н.

 

Зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, өңдеудің алғашқы кезеңінде өсімдік ұлпасына енетін пестицидтер мөлшері өте қарқынды, ыдырауы әлсіз. Содан кейін өсімдіктер өздерінің өмірлік ресурстарын жұмылдырып және келесі 10 күнде өсімдік ұлпасындағы сіңірілген пестицидтердің жартысынан көбісі ыдырайды. Осы кезеңде өсімдіктер өсу үшін оңтайлы жағдайларды қажет етеді ылғалдың жеткілікті мөлшері, минералды қоректену және т.б. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей Оберонмен өңдегенен кейн 10 күн өткен соң, өсімдік бетінде анықталмайды, сондықтан оның өсімдік ұлпасына енуі байқалмайды, бірақ препараттың ыдырау мөлшері осы уақытта шамамен жартысын құрайды, яғни. 1 кг жасыл массаға 19 мг. Препараттың қауіпсіз деңгейі 2 аптадан кейін байқалады. Мұндай есептеулер егінді жинауға дейін дақылдарды өңдеуге уақытты белгілеуге және пестицидтерді қауіпсіз қолданудың басқа алдын алу шараларын жасауға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: қызанақ, пестицидтер, жылыжай, өсімдік ұлпасы, талдау, Оберон

Комментарии закрыты.