Жаздық бидай тұқымын “Агробионов” препаратымен өңдеу кезіндегі олардың өсу фитоактивтілігі

МРНТИ 68.37.13, 87.53.13                                                                      №2 (2020г.)

 

Хусаинов А.Т., Есенжолов Б.Х., Сарсенова А.А., Кыздарбекова Г.Т.

Мақалада жаздық бидай тұқымын «Агробионов»препаратымен өңдеу кезінде олардың өсуінің фитоактивтілігін зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеудің мақсаты зерттелетін препараттың сулы суспензиясының әртүрлі концентрациясының жаздық бидай тұқымының өсу фитоактивтілігіне әсерін зерттеу болып табылады. Тұқымның зертханалық шығымдылығы, өскіндердің ұзындығы, тамырлардың саны, фитоактивтілігі анықталды. Препараттың су суспензиясын пайдалану зертханалық шығымдылықтың артуына, өскіндердің ұзындығына, тамырлардың санына, сондай-ақ жаздық бидай тұқымының фитоактивтілігіне ықпал ететіндігі айқындалды.
Түйінді сөздер: «Агробионов» препараты, зертханалық шығымдылығы, өскіндердің ұзындығы, тамыр саны, фитоактивтілік индексі, жаздық бидай.

 

Комментарии закрыты.