Отандық шикізаттың әр түрінен глютенсіз құрғақ қоспа өндірудің технологичлық аспектілері

МРНТИ 65.29.33                                                                                       №4 (2019г.)

Ботбаева Ж., Коптлеуова Т., Байкенов А.,  Байгенжинов К., Издибаева Г., Елеукенова К. 

 

Мақалада қарақұмық, тары, күріш және жүгері дәнді дақылдарының ұнынан глютенсіз ботқа өндіру технологиясы ұсынылады. Таңдалған дақылдар арнайы сынау жүйесімен құрамында глютеннің болмауы үшін тексерілді. Экструзия режимдерін белгілеу үшін барлық дақылдар крахмалдарының балқу нүктелері анықталды. Сапалық сипаттамалар (ылғалдылық, май, ақуыз, крахмал, талшық және күл) және экструдаттардың физикалық қасиеттері (ерігіштігі, суды сіңіру қабілеті және ісінуі) зерттелді. Тез дайындалатын ботқа жасау үшін құрғақ қоспаларды өндірудің технологиялық схемасы жасалынды.
Түйінді сөздер: глютен, глютенсіз ботқа, экструдерлеу, экструдат, құрғақ қоспа.

Комментарии закрыты.