Мұнай-кен орындарында қабат қысымын ұстап тұру жүйесіне арналған қалқымалы қатты бөлшектерден суды терең тазарту процесін зерттеу

МҒТАР 52. 47. 27                                                                                      №3 (2019г.)

 

Әбделі Д. Ж., Баи Висап, Сейден Ә.Б.

 

Мақала қабат қысымын ұстап тұру үшін айдалатын судың құрамындағы қатты бөлшектердің әсерінен пайда болатын өнімді қабаттың
кеуектері мен каналдарының кольматациясы нәтижиесіндегі түп аймақтағы қабаттың өткізгіштігі мен айдау ұңғыларының қабылдағыштығын нашарлату мәселесін кешенді зерттеуге арналған. Осы мәселе аз зерттелген және одан әрі зерттеуді талап етеді. Қабат суларының құрамындағы қатты заттарды сүзіп алуды қамтамасыз ететін, қабат суларын терең тазалайтын жаңа әдіс ұсынылған.
Түйінді сөздер: Ұңғы, су, тазалау, қабат, мұнай.

Комментарии закрыты.