Шлакты тотықсыздандырып кедейлендіру кезінде түсті металдардың, темірдің және мышьяктың өнімдер арасында бөлініп таралуы

МРНТИ 53.03.03                                                                                   №2 (2019г.)

Жолдасбай Е.Е., Досмухамедов Н.К.

 

Түйіндеме. Жиналған және ағымдағы шлак қалдықтарының ауқымды көлемінің өсуі, бағалы металдарды алу үшін қосымша шикізат көзі ретінде оларды пайдаланудың жаңа тәсілдері мен шешімдерін іздестіруді талап етеді. Күрделі химиялық құрамымен және жоғары мыс мөлшерімен сипатталатын, автогенді балқыту және/немесе үздіксіз конвертерлеу шлактары ерекше қызығушылықты тудырады. Берілген жұмыста тәжірибелік зерттеулер негізінде, мыс мөлшері жоғары шлактарды көмірмен кедейлендіру барысында алынған балқыту өнімдері арасында түсті металдардың, темірдің және мышьяктың бөлініп таралуы орнатылды. Тотықсыздандырғыштың (көмір) әртүрлі шығынында балқыту өнімдері арасында металдардың: мыс, темірді – мыс-темір металл қорытпасына; қорғасын, мырышты газ фазасына және мышьякты – газ бен бір бөлігін қорытпаға селективті бөлудің принципиалды мүмкіндігі көрсетілді. Шлакты кедейлендіру шарттарында мышьяктың бөліну тәртібінің күрделі механизмі орнатылды: жоғары көмір шығынында газ фазасына мышьяктың жоғары бөлінуіне қол жеткізу мүмкін емес. Газ фазасына мышьяктың төмен бөлінуі (~45%), қорытпада темір мөлшері артқан сайын, мышьяктың қорытпаға жоғары мөлшерде өтіп кетуімен түсіндіріледі. Алынған нәтижелер оңтайлы технологиялық көрсеткіштер мен режимдерді таңдау тұрғысынан принципиалды мәнге ие, олар мыс мөлшері жоғары шлактарды тотықсыздандырып кедейлендіру тәсілдерін ұйымдастыру кезінде балқыту өнімдері арасында металдардың тепе-тең таралуын қамтамасыз етеді.
Түйінді сөздер: шлак, кедейлендіру, тотықсыздандыру, көмір, мыс, мышьяк, таралуы, қорытпа, ұшқындар, бөліп алу.

 

 

Комментарии закрыты.