Борсық етінің аминқышқылдық құрамы

МРНТИ 65.59.03                                                                                       №2 (2019г.)

 

Матенова Н.М., Жумагелдиев А.А.

 

Түйіндеме. Мақалада борсық етінің аминқышқылдық құрамы келтірілген. Ветеринарлық қағидаларда борсық сойылатын жануарлар қатарында болмағанымен, оны аңшылар мен саятшылар тағам ретінде пайдалануда. Яғни, борсықты жаралағаннан соң, оның қансыздану дәрежесі, етінің балаусалық көрсеткіштері төмендейтіні ақиқат. Сонымен қатар, ол ет сапасына әсер етеді. Осыған байланысты, борсық етінің сапасын тағамға пайдалану мезетінде анықтау қажеттілігі туындауда. Ол бойынша борсық етінің амимнқышқылдық құрамы, алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдарының мөлшері заманауи жабдықталған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген «Нутритест» зертханасында анықталып, нәтижесі шошқа етімен салыстырыла отырып зерттелді. Зерттеу нәтижелерін қорытындылайтын болсақ, борсық етінің құрамында алмастырылмайтын және алмастырылатын аминқышқылдарының мөлшері доңыз етінің құрамынан жоғары. Нақтырақ айтқанда алмастырылмайтын аминқышқылдар мөлшері 6731мг/100г, ал доңыз етінде бұл көрсеткіш 5737мг/100г. Ал, алмастырылатын аминқышқылдардың саны борсық етінде 9997мг/100г, доңыз етінде 8782мг/100г көрсеткішті көрсетті. Яғни, борсық етінің құрамында алмастырылмайтын аминқышқылдар 994мг/100г, ал алмастырылатын аминқышқылдар 1215мг/100г есебінде доңыз етінің құрамынан артық. Жүргізілгген зерттеулер нәтижесіне қарап, борсық еті тағамдық құндылығы жоғары, сапалы өнім екендігі анықталды.
Түйінді сөздер: Борсық еті, алмасатын және алмаспайтын аминқышқылдары, валин, гистидин, лизин, метионин, триптофан, изолейцин, лейцин, треонин, фенилаланин.

 

 

Комментарии закрыты.