Қант қызылшасының түсіміне топырақ микроорганизмдерінің әсері

МРНТИ 65.09.03                                                                                      №2 (2019г.)

 

Велямов М.Т, И. Ю. Потороко, Курасова Л.А., Велямов Ш.М.,  Умиралиева Л.Б.,  Бек Р. , Жумалиева Т.М.

 

Түйіндеме. Жұмыстың мақсаты қант қызылшасын өсіретін әр түрлі аймақтардағы топырақтың микробтық құрамын зерттеу болып табылады. Алынған деректер негізінде егіс алдында қант қызылшасы тұқымының ауруға бейімділігін төмендетуге бағытталған қорғаныш қасиетін жоғарылатушы құрам әзірленетін болады. Мақалада Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы қант қызылшасы егістеріндегі топырақтың микробтық құрамын зерттеу нәтижелері берілген. Облыстарға қатысты микроорганизмдердің сандық құрамы көрсетілген. Қазақстанның оңтүстік және солтүстік өңірлерінің қызылша ауыспалы айналымындағы топырақ үлгілеріндегі микроорганизмдердің таксономиялық құрамының нәтижелері берілген. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының қызылша ауыспалы егістеріндегі топырақ үлгілерінің микробиотасының көптеген тобын Alternariatenuis, Aspergillus және Penicillium тұқымдасы саңырауқұлақтарын құрайтыны анықталды. Минералдану процестері баяу болатын солтүстік аймақтардың топырақ үлгілерінде Рenicillium тектес саңырауқұлақтар кеңінен ұсынылған.
Түйінді сөздер:  қант қызылшасы, топырақ  микрофлорасы, саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицеттер.

 

Комментарии закрыты.