Өсімдіктердің жабайы түрлері тұқымдарының өнуі мен өскіндерінің өсуіне және анатомиялық параметрлеріне симметриялық емес диметилгидразиннің әсері

МРНТИ 87.15.03, 34.29, 34.31.31                                                     №1 (2019г.)

 

Агапов О.А., Федорина О.А., Атыгаев А.Б., Утеулин К.Р., Жексенбай А., Казкеев Д., Алдасугурова Ч.Ж., Курбатова  Н.В.

 

Өсімдіктердің жабайы түрлері өскіндерінің өсуіне және анатомиялық параметрлеріне, тұқымдарының өнуіне топырақ үлгілеріне ластанған симметриялық емес диметилгидразиннің (НДМГ) әсері зерттелді. Салыстырмалы 1; 5; 25 мг/кг и 1; 5 мг/кг топырақ үлгілеріне НДМГ қосқанда Artemisia dracunculus және Agropyron pectiniforme өсімдік өскіндерінің өсуі мен тұқымдарының өну стимуляциясы анықталды. 5 және 25 мг\кг топырақ үлгілеріне НДМГ қосқанда мәдени дақылдың (Tríticum aestívum), Саратовская -29 сортының өскіндері мен тұқымдары өнбей, өспей қалады. Agropyron pectiniforme (жапырақтың жоғарғы эпидермисі, тамырдың алғашқы қабығы және экзодермасы) өскіндерінің сандық-анатомиялық құрылымының өзгеруі олардың биотестіне сәйкес келеді. Жапырақ пен тамырдың сандық-анатомиялық құрылымы туралы мәліметтер өсімдіктердің өсуі мен дамуында НДМГ әсерінің механизмін зерттеу жұмыстарында ескеріледі.
Түйінді сөздер: НДМГ, тұқым, өскіндер, Agropyron pectiniforme, Artemisia dracunculus, Tríticum aestívum

Комментарии закрыты.