Жасанды интеллект күшімен жалған жаңалықтар іздеу

МҒТАР 28.23.27                                                                                          №4 (2018г.)

Абдуланова А. К.  

 

«Жалған жаңалықтар» проблемасы сапалы журналистикаға әлеуетті қауіп ретінде соңғы жылдары пайда болды және жақсы хабардар қоғамға пікірталасқа да себеп бар. Табиғи тілді өңдеу – ақпараттық заманның маңызды технологиясының бірі. Сондай-ақ, күрделі пікірді түсіну – жасанды интеллектің маңызды бір бөлігі. Барлық жерде NLP (Natural Language Processing – табиғи тілді өңдеу) қолданылуда: веб іздеу, жарнама, электрондық хаттар, клиенттерге қызмет көрсету, тілге аудару, радиологиялық есептер және т.б. NLP қосымшалары үшін машиналық оқытудың көптеген базалық есептері мен модельдері бар. Соңғы жылдары оқытуға терең көңіл бөлу табиғи тілді өңдеудің түрлі мәселелерінде үлкен нәтижелерге ие болды. Олар жеке модельдер арқылы мәселелерді шеше алады және мамандандырылған функцияларды талап етпейді.
Түйінді сөздер: машиналық оқыту, табиғи тілдерді өңдеу, жасанды интеллект, мәтінді жіктеу.

Комментарии закрыты.