БҰҰ ЕЭК халықаралық стандартына сәйкес сиыр етінің сапасын бағалау жүйесі

МРНТИ 65.01.37, 84.13.53                                                            №3 (2018г.)

Смагулов А.К., Ораз   Г.Т.

 

Мақалада БҰҰ ЕЭК халықаралық стандартына сәйкес сиыр етінің сапасын бағалау, сондай-ақ халықаралық саудада қабылданған етті бағалаудың сақталуын қамтамасыз ету үшiн сапаны бақылау жүйесi қарастырылған. Қазiрri таңда әрбiр мемлекетте тұтас етті бөлшектеудің схемалары және бөлшектердің сонымен бiрге iрi сүйексiз бөлшектердің де меншікті атаулары бар болғандықтан, еттi экспорттық және импорттық жеткiзу барысында белгілі қиындықтар туғызады. Етпен халықаралық сауданы жеңілдету үшiн БҰҰ ЕЭК қамқорлығымен БҰҰ ЕЭК сиыр етi және бөлшектерiнің стандарты әзiрлендi. Осы стандарттың мақсаты сойылған жануарлардың тұтас еті бөлшектері терминологиясын бiрыңғайлау және адам тұтынуға арналған тұтас ет пен бөлшектердің коммерциялық сапасы мен сауда талаптарын сипаттау болып табылады.
Түйінді сөздер: стандарт, система, интенсивті бiрыңғайлау, терминология, интенсивтi жүйелер, сиыр етін кодтау жүйесi, экспорт, импорт, тұтас етті өңдеу және бөлшектеу, еркек ( мал), қашарлар, таңбалау тәсілі.

Комментарии закрыты.