Қазақстан экологиясы (2 бөлім)

МРНТИ 87.01.21                                                                           №3 (2018г.)

Васильянова Л. С., Козбагарова  Г. А.

 

Мақалада бүгінгі күнгі Қазақстандағы экологиялық жағдай сипатталады. Ауаны, суды және жер қыртысын ластайтын негізгі көздер ретінде:
кен игеру және өңдеу өнеркәсібі; Байқоңыр ғарыш айлағынан зымырандардың ұшырылуы және улы зымыран отынының қоршаған ортаға түсуі; уран өндіруші кәсіпорындар мен ядролық полигондардың радиациялық қалдықтары көрсетілді. Қазақстандық ғалымдардың ластағыштарды талдаудың заманауи жоғары тиімді әдістері және олардың табиғи экожүйелердің және адам денсаулығына әсері туралы басылымдары талданды. Қоршаған ортаның ластануы мен оны қорғау мәселелері келесідей экологиялық аспектілерде қарастырылады: суды тазарту, қауіпті қалдықтарды жою, топырақ құнарлығын қалпына келтіру, радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру, зымыран отынмен ластануды бағалау. Мақаланың материалдары өнеркәсіптік экология, суды тазарту, ауыл шаруашылығы, биология және медицина саласында жұмыс істейтін мамандар үшін пайдалы болуы мүмкін.
Түйінді сөздер: экология, ластағыштар, суды тазарту, ауыл шаруашылығы, радиоактивті қалдықтар, зымыран отыны.

Комментарии закрыты.