Майлау жүйесінде майдың көлемін басқаруды жетілдіру арқылы форсирленген автомобильді дизельді қозғалтқыштарды пайдалану эффективтілігін арттыру

Биниязов А.М., Денисов А.С., Захаров В.П., Сарсенбаева Л.Х., Бралиев   А.Б.


Түйіндеме.
Дизельдердің техникалық күтім және жөндеу жүйесінің негізгі міндеті автомобильдердің пайдалану эффективтілігін арттыру, атап айтқанда ең қымбат агрегат болып табылатын (25% дейін), қозғалтқыштардың ағымдағы және күрделі жөндеуге кеткен шығындарды төмендету есебінен болып табылады. Қозғалтқыш жұмысының сенімділігі, жанасу бөлшектерінің арасындағы үйкелісті барынша азайту және ең көп жүктелген элементтердегі артық жылуды әкету, автомобильді пайдалану кезінде белгіленген деңгейдегі майдың жұмыс қабілеттілігі мен оның сипаттамалары қамтамасыз етеді. Пайдалану процесінде дизельді қозғалтқыштардың картеріндегі май көлемінің, қозғалтқыштың техникалық жай-күйінің өзгеруі мен майдың ескіру қарқындылығына әсерінің заңдылықтары зерттелді. Мотор майының ескіру қарқындылығы, цилиндрлі поршеньді топтың және қозғалтқыштың иінді білігінің мойынтіректерінің техникалық күйінің өзгеруінің аналитикалық байланысын негізделген. Майдың жанып кетуі мен ағып кетуін өтеу үшін үстемелеу май көлемін оңтайландыру жолымен майлау жүйесінің алдын алу процесін жетілдіру.
Түйінді сөздер: форсирленген дизельдер, мотор майы, май ауыстыру кезеңділігі, майдың нормативті мәндері, қозғалтқыштары автомобиль.

 

 

МРНТИ 55.42.27, №2(2018г.)

Комментарии закрыты.