Қазақстан Республикасындагы нан өнеркәсібіндегі ҚТКБН жүйесі бойынша мамандарды ішкі даярлаудың тиімділігін бағалау

скачать

 

Уажанова Р.У., Маннино С.,Тунгышбаева У.О.

 

Түйіндеме. Тамақ қауіпсіздігін НАССР жүйесі негізінде бақылау жүйесі Қазақстан Республикасында салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Еліміздің  Кедендік одаққа кіруіне байланысты қоғамдық тамақтандырудың барлық салаларындағы кәсіпорындар, олардың меншік түрі мен мөлшерлерін белгілеуіне қарамастан, аталған жүйені міндетті  түрде әзірлеп, енгізіп және ережелерін ұстанулары тиіс. Әдетте, НАССР жүйесін кәсіби құру және одан әрі тиімді жұмыс істеуі үшін кәсіпорын басшылығы өз қызметкерлерін оқытып, әзірлеуге жауапты. Алайда, аталған жүйенің неғұрлым толыққанды жұмыс істеуі мен механизмдерін түсіну, оны бақылау үшін тұрақты түрде тікелей өндіріс учаскелерінде тұрған кадрлардың біліктілігін арттыру қажет. Мақалада сапа мен қауіпсіздік менеджменті бойынша ішкі оқыту жүйесінің тиімділігі қарастырылған.  Өткізілген оқыту шаралары мен кадрлардың тұрақсыздығының жиілік қатынасы зерттелді. Еңбек өтілі неғұрлым жоғары болған сайын қызметкерлер үлкен қайтарыммен сапа мен қауіпсіздікті  қамтамасыз ету жүйесіне қатысатыны көрсетілген.
Түйіндi сөздер: ҚТКБН, тағам өнімдері, қауіпсіздік, сапа, КБН, жүйелерді интеграциялау.

 

МРНТИ 65.01.37, №2(2018г.)

Комментарии закрыты.